Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстанға келетін қандастардан талап етілетін құжат саны қысқарады

AstanaTV
28.11.2019ж. 20:00
1863
Қазақстанға келетін қандастардан талап етілетін құжат саны қысқарады

Қазақстанға көшіп келіп жатқан қандастардан талап етілетін құжат саны қысқарады. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық жиынында айтылды.  

Қырымбек КӨШЕРБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

Қазақ диаспорасы үшін Қазақстанда ЖОО-да бакалавриатта білім беру бағдарламалары бойынша квота көлемі 4 пайызға дейін көтеріліп, білім алушылардың 2747-ге жеткенін қуанарлық жайт. Қазіргі уақытта шетелден келген ағайындарға құжатты рәсімдеуде көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру, шетелдегі отандастарымызды мемлекеттік қолдау туралы заңнамалық тетіктерді енгізу жөнінде де маңызды шаралар қолға алынуда.

Деректерге сәйкес, әлемнің 43 елінде 6 миллионға жуық қандасымыз тұрады. Отанға оралғандары тегін арнаулы білім алып, еңбекке араласып жатыр.

Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қандастарымызға арналған ауылдар пайда болды. Мысалы мынау ШҚО-да 700 отбасылық «Шығыс» деген ауыл, СҚО-да 400-ге арналған «Бәйтерек», мынау Ақмолада «Красный яр» деген. Ең ішіндегі үлкені - Шымкент қалсында. Өзбекстаннан көшіп келген, кезінде 2 мыңға жуық біздің қандастарымыз тұрған болса, жақында ғана біз барып көрдік ол жерде 27 мың сол жақтан көшіп келген қандастарымыз тұрып жатыр.


А. Асқарұлы