Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Елордада "ITeachMe" әлеуметтік жобасының екінші маусымы басталды

AstanaTV
28.11.2019ж. 20:00
2992
Елордада "ITeachMe" әлеуметтік жобасының екінші маусымы басталды

Елордада "ITeachMe" әлеуметтік жобасының екінші маусымы басталды. Инклюзивті IT-Хакатон ойынына қатысушылар, өзара команда құрып, идеяларымен бөлісуі тиіс. Оқ бойы оза шапқан жүйріктер қаңтарда Алматыдағы лагерьге жолдама алып, онда грантқа таласады. Ойын мүмкіндігі шектеулі азаматтармен бірге сау адамдардың бір дәрежеде бақ сынауына жағдай жасап отыр.

Қарағандылық Светлана Пономарева 18 жасында қайғылы жағдайға тап болып, мүгедек арбасына танылған. Соған қарамастан қоғамдық шараларда белсенді. Қиындықпен күрескен ол қазір "ITeachMe" жобасының менеджері.   

Светлана ПОНОМАРЕВА, "ITEACHME" ЖОБАСЫНЫҢ PR-МЕНЕДЖЕРІ:

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бұл басқосу  қандай да бір сапалы өнімді алу мүмкіндігін береді. Олар мүгедек, ауру болуына қарамастан, әртүрлі топтар құрады. Бұл жоба қатысушыларға жаңа, тың дүниені өмірге әкелуге мүмкіндік береді.

"IT-Хакатон" ойынына 17 мен 35 жас аралығындағы програмисттер, сарапшылар, PR-мамандар, дизайнерлер, жас кәсіпкерлер, инженерлер, студенттер қатыса алады. Жоба авторының айтуынша, бұл шара әрі қарай да өз жалғасын таппақ. Күні бүгінге дейін 600-ге жуық жас жобаға қатысып, мүмкіндіктерін байқап көріпті.

Захира БЕГАЛИЕВА, "ITEACHME" ЖОБАСЫНЫҢ АВТОРЫ:

Осы екінші сезонымызды шалғай аудандардан балалар алайық, шалғай аудандардан көбірек қосылып осындай жобаларға қатысып, өз-өздеріне мүмкіншілігін көбейтсін деп жасап жатырмыз. Бұл балалар 5 күн лагерде болады. Ол жерде үлкен-үлкен IT компаниялармен кездестіреді, оларға қалай жобаларын өмірге келтіруді үйретеді.

Елордалық студент Ербол Шәріпте арманына бір қадам болса да жақындау мақсатында осы жобаға қатысып отыр. Ол програмист болуды мақсат еткен.

Ербол ШӘРІП, ЖОБА ҚАТЫСУШЫСЫ:

Мен бұл жерге өзіме қызық болған соң, осындай жобаларға ылғида қатысып жүргендіктен осы жерге қатыстым. Және осында өзімнің қасиеттерімді аша білгім келді. Ойын өте қызықты болып жатыр, мұнда балл жинап жатырмыз.

Жобаның мақсаты - мүгедектерді де IT саласына бейімдеу. Бұл маусымға қатысуға жалпы саны 160-тан астам өтінім түскен. Солардың арасынан елдің түкпір-түкпірінен 90-ға жуық жас таңдап алыныпты. Жеңіс тұғырына шыққан 2 қатысушы Ай Ти мамандығы бойынша оқу курсынан өтуге және  1 миллион теңге көлемінде грантқа ие болады.

А. Данияр