Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Мұзды өлке 2" анимациялық фильмі қазақ тілінде көрсетілуде

AstanaTV
28.11.2019ж. 20:00
26002
"Мұзды өлке 2" анимациялық фильмі қазақ тілінде көрсетілуде

"Мұзды өлке" кейіпкерлері қазақша сөйлеп Абайдың өлеңдерін оқиды. Бүгіннен бастап барлық кинотеатрда "Walt Disney" компаниясының "Оскар" жүлдесін иеленген, көпшелікке таныс "Мұзды өлке 2" мультфилімі халыққа жол тартты. Фильм "Болашақ" корпоративтік қоры мен "Меломен" компаниясының бастамасымен дубляждалды. Анимациялық туындының алғашқы көрсетілімі Нұр-Сұлтан қаласында "Nur Otan" партиясының қолдауымен өтті.  "Өзіңнен баста" жобасы аясында қолға алынған, бұл туынды Тұңғыш Президент күніне арналған.

Көрерменге жол тарқан алғашқы көрсетілімнің тұсауын партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек кесті. Ол өз сөзінде "Өзіңнен баста" жобасының маңыздылығына тоқталды. Әрбір қазақстандық азамат қазақ тілін білу қажет деді.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің негізгі айтатын сөзіміз "Қазақша сөйле, өзіңнен баста" деп. Әрбір Қазақстанның азаматы өзінен бастап, балаларын үйретіп, жақындарын үйретіп қазақша сөйлеуі қажет. Ең басты құндылығымыз, байлығымыз ол, әрине ана тіліміз. Адам деген өз тілін білмесе, биік жетістіктерге жете алмайды деп ойлаймын. 


Көрермен қарасы қалың. Голливудтық анимациялық фильмді қазақ тіліне дубляждауға "BI Group" компаниясы демеушілік жасаған.  Жобаны дамытуда үзіліссіз жұмыс жасап жатқан "Болашақ» корпоративтік қоры өкілдерінің айтуынша, мұндай жобалар қазақ тілінің мәртебесін көтереді.

Динара ЧАЙЖУНУСОВА, "БОЛАШАҚ" КҚ  ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Бұл биылғы жылы аударылған 6-ншы фильм. Көрсетілім Тұңғыш Президент күні қарсаңында жарық көріп отыр, яғни сый ретінде ұсынып отырмыз. Жалпы, голливудтық фильмдерді аударуға 150 миллион АҚШ доллары жұмсалды.  


"Мұзды өлке" кейіпкерлерін қазақша сөйлетуге 40-тан астам актер еңбек еткен. 6 жылдан бері дубляж саласында жүрген актер Олжас Жақыпбек бұл туындыда бас кейіпкердің бірі - Кристофты дыбыстаған. Айтуынша, дубляж жұмыстарына 1 ай көліменде уақыт кеткен.

Олжас ЖАҚЫПБЕК, АКТЕР:

Бұл жерде әртүрлі ситуацияларға түседі, басқаша ситуацияларға. Жаңағы Аннаға сөз салғысы келіп бүкіл фильм бойы жүгіретіні бар артынан. Сондай бір комедиялық тұстары бар. Ерекшелігі бірінші бөлімге қарағанда әндердің ауқымы үлкенірек. 

Анимациялық фильм Ұлы Абайдың 175 жылдығына, орай ақын өлеңдерінен де үзінділер қосқан.  Айта кетсем, "Мұзды өлке 2" мультфилімі "Өзіңнен баста" жобасы аясында аударылған 33-ші голливудтық картина.

А. Данияр