Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

АҚШ Ауғанстандағы әскер санын қысқартпақ

AstanaTV
29.11.2019ж. 20:00
2026
АҚШ Ауғанстандағы әскер санын қысқартпақ

АҚШ Ауғанстандағы әскер санын қысқартпақ. Бұл туралы АҚШ Президенті Дональд Трамп Ауғанстанға ресми сапары кезінде хабарлады. Алдын-ала келісілмеген сапарда Ақ үй басшысы Ашраф Ганимен кездесті.  Іс-сапар кезінде қос президент өзара тұтқын алмасуға келісті. Кездесу соңында  Дональд Трамп «Талибан» қозғалысы жетекшілерімен бейбіт келісімге келетінін жеткізді.  Ал, әлемдік сарапшылар екі ел арасында түйіткіл тарқап, келіссөздер қайта жаңғыруы мүмкін деп отыр. Әзірге АҚШ Президенті уәдесін қашан орындайтыны белгісіз.

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Тәлібтер мәміле жасағысы келеді. Біз шарттарды толық қарап шығуымыз керек. Осы арқылы екі ел арасындағы кейкілжіңге нүкте қоюға болады.

АҚШ пен тәлібтар арасындағы келіссөздер Кабулдағы бомба жарылысынан кейін тоқтатылды. Тәлібтер Ауғанстан үкіметімен де келіссөз жүргізуден бас тартып отыр. Айта кетейік, қазір Ауғанстанда Американың 13 мыңнан астам әскери күші бар. Олар Ауғанстанға 2001 жылы кірген. Айта кетейік, бұл Америка тарихындағы ең ұзақ әскери науқан.

Ғ. Өтемісов