Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе берілді

AstanaTV
29.11.2019ж. 20:00
2380
Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе берілді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе берілді. Елбасы Ташкентте өткен алқылы жиында Орталық Азия мемлекет басшылары Консультативтік кездесуінің Құрметті төрағасы атанды. Мұндай ақпаратты Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев Твиттер парақшасында жариялады. 

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев Twitter -дегі парақшасында:

Екінші консультативтік кездесуде делегация басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия мемлекет басшылары Консультативтік кездесуінің Құрметті төрағасы мәртебесін беру жөнінде шешім қабылдады.

Бүгін Өзбекстанда Орталық Азия елдерінің басшылары бас қосты. Бұл шараға Нұрсұлтан Назарбаев арнайы іс-сапармен барған. Жиында ол "XXI ғасырдағы Орталық Азияны дамыту мақсатында татулық пен ынтымақтастық туралы шарт" жасау бастамасын көтерді. Сонымен қатар, 15 наурызды - Орталық Азия күні ретінде белгілеуді ұсынды.

Келіссөз алаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиоевпен кездесті. Көшбасшылар екіжақты қарым-қатынасты нығайту, күн тәртібіндегі жаһандық және өңірлік өзекті мәселелерді шешу бойынша пікір алмасты. Өзбекстан Президенті өз кезегінде аймақтық жиынға қолдау көрсеткені үшін Нұрсұлтан Әбішұлына алғысын білдірді. Айта кетсем, мұндай консультативтік кездесу бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында өткен. Араға бір жыл салып, алқалы жиын Өзбекстанда жалғасын тапты.

Ә. Мүтәлі