Өңірдегі партия филиалдары жұмысының тиімділігін арттыру және жауапкершілігін күшейту. Партия құрамын сұрыптап, ірілендіру. «Nur Otan» партиясы Атырау филиалы активі алдағы жоспарларын айқындап алды. Партия төрағасының тапсырмасына сай, аймақта жұмыс сапасын арттыру бойынша іргелі істер атқарылып келеді. Мәселен, партиямен қарым-қатынасты үзген және жұмысына салғырт қарағандар партиядан шығарылды. Соңғы үш айда олардың орнына ынталы жастар мен кәсіпкерлер келген. Бүгінде Атырауда бас партияның 33 мыңға жуық мүшесі бар.
Нұрлыбек ОЖАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Партияластарымыздың сапалық құрамын оңтайландырдық. Жыл басынан бері жарғыға сәйкес келмейтін 1500 мүшелерімізді өзіміздің қатарымыздан шығардық. Олардың орнын, қазіргі сараптамаға сәйкес, ынталы жастар мен кәсіпкерлердің қатарынан келуі, әрине, көңілімізге қонымды құбылыс деп отырмыз.
Б. Надирқызы