Ал, Таразда «Ұлы дала ұрпағы!» атты аймақтық жастар форумы жалғасын тапты. Мақсат - Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың даралығы мен даналығын насихаттау. Форумда Елбасының ел болып қалыптасудағы ерен ерлігі жастар көзімен сипатталды. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы мен Тараз мемлекеттік Педагогикалық Университеті бірлесе ұйымдастырған жиынға 400 студент қатысты. Олар Нұрсұлтан Әбішұлының мемлекет бірлігін, конституциясын, әлем алдындағы орнын айшықтаудағы еңбегін тілге тиек етті. Ал, оқу ордасының «Әлеуметтік-мәдени дамыту» орталығына жиналған жастар, Елбасымен кездескен сәттерін айтып, ерекше естеліктерімен бөлісті. Соның бірі Айнұр Келімбетова. Ол Елбасының ақыл-кеңесі арқылы жұмыс бағытын елдегі бас партияда жалғап жүр. Жас маман жиналғандарға армандар алдамайтынын айтты.
Айнұр КЕЛІМБЕТОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
Кез-келген адам армандаса сол арманға жететінін сол сәтте сезіндім. Елбасымыз маған өзінің қолын ұсынып, «Кел, менің қасыма суретке түс» деп, бірге суретке түскен сәт менің жастық жігеріме күш қосты. Елбасының құдіреттілігі, күштілігі сонша ол кісінің алғаш қолын ұстағаннан кейін мен «Nur Otan» партиясы саяси Кеңесінің мүшелігіне ендім.
Д. Әлімқұл