Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елбасы алғаш халық ассамблеясын құрған көшбасшы, - С.Салмуян

AstanaTV
29.11.2019ж. 20:00
2816
Елбасы алғаш халық ассамблеясын құрған көшбасшы, - С.Салмуян

Елбасы халық ассамблеясын құрған алғашқы көшбасшы. "Ван" армян этномәдени орталығының төрағасы Саак Салумян, ел астанасындағы №63 мектеп-гимназия оқушыларымен кездескен осылай деді. Этно орталықта 3 жылдан бері еңбек етіп жатқан төраға, Нұрсұлтан Назарбаевқа өз ризашылығын жеткізді. Шара барысына,133-тен астам ұлттың басын бір шаңырақтың астында жинаған Тұңғыш Президенттің ерен еңбегін ерекше атап өтті.
   
Саак САЛУМЯН, НҰР-СҰЛТАН қ. "ВАН" АРМЯН ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Нұрсұлтан Әбішұлы ел үшін аянбай еңбек етті. Кеңес үкіметі кезінен бергі басшылардың ішінде алғаш болып халық ассамблеясын құрған бірден-бір көшбасшы. Қазақстанда тұрып келе жатқан түрлі этностар өздерінің тілдерін, мәдениеті мен салт-дәстүрін лайықты сақтап келе жатыр. Мұның барлығы қазақ халқының кеңдігі мен Елбасының дана саясатының арқасы деп білемін.

1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай өткен мерекелік іс-шара кезінде оқушылар, армян халқының мәдениетімен танысты. Патриоттық рухтағы әндерді шырқады. Оқушылар Елбасының қажырлы істерін үлгі ететіндерін айтты.

Абусағит АМАНБАЙҰЛЫ,  НҰР-СҰЛТАН қ. №63 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:


Мен үшін Нұрсұлтан Назарбаев ол мені үйретеді қалай мақсатқа жетемін, нәтижеме жетуге. Мен оған қарап өсемін.

А. Данияр