Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елордада "Елім деп соққан жүрегі" атты мерекелік концерт өтті

AstanaTV
29.11.2019ж. 20:00
4433
Елордада "Елім деп соққан жүрегі" атты мерекелік концерт өтті

Бас қаладағы Оқушылар сарайында «Елім деп соққан жүрегі» атты мерекелік концерт өтті. Тұңғыш Президенті күніне арналған шарада аталған өнер ордасының өнерпаздары ән айтты, би биледі. 400-ге жуық көрермен жинаған дарынды оқушылардың өнері жайлы келесі бейнематериалда.

Талантты балғындар концерт шымылдығын Елбасының сүйікті шығармаларымен ашты. Оқушылар сарайының директоры Ербол Іргебай мұндай мереке жастардың бойындағы патриоттық сезімді оятатынын жеткізді. Ол ел еңсесін тіктеуде Тұңғыш Президенттің рөлін айрықша атап өтті.

Ербол ІРГЕБАЙ, ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Кез-келген тарихи тұлғаға баға берген кезде «Өзіне дейін не болды, өзі не істеді?»,-деген сұрақ туындайды. Меніңше Елбасы тәуелсіз Қазақстанның шекарасының бекуіне, өндірістің дамуына, экономиканың қалыптасуына әсер етті.

Іс-шараның мақсаты балаларды қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларға тарту. Осылай деген Нұр-Сұлтан қаласы «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтады.

Үкібай НҰРПЕЙІСОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Келер жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлайтын боламыз. Міне осы уақыт аралығындағы жетістіктеріміз Елбасымен байланыстырады.

Елордалық Рузима Баймаханова немересінің өнерін тамашалауға келіпті. Немересі Толғанай 4 жылдан бері домбыра үйірмесіне қатысады. Қазір талай халықаралық додаларда топ жарып жүр.

Рузима БАЙМАХАНОВА, ТҰРҒЫН:

Бүгінде бір рет емес, бірнеше рет концертін көріп, тек концерт емес, шетелге де шығып жатыр. Минскке, Дубайға барып келді. Осының бәрі үлкен дәреже. Бүгінде өте әдемі концерт ойымыздан шығып жатыр. 

Оқушылар  сарайы елордадағы тарихы бай нысанның бірі. Қазір мұнда 5 пен 17 жас аралығындағы 4 мыңға жуық жеткіншек түрлі үйірмеге қатысады. Соңғы 5 жылда орталық түлектері 700-ден астам халықаралық байқауда жүлдегер атанған.

Ғ.Өтемісов