Нұр-Сұлтанда «Арман ағашы» атты акция бастау алды. «Jas otan» жастар қанаты ұйымдастырып жатқан іс-шара ерекше күтімді қажет ететін балалар үйі тәрбиеленушілерінің арманын орындауға бағытталған. Олардың тілегі жазылған қағаз ағашқа бекітіліп, елордадағы ірі сауда орталықтарына қойылды. Кез-келген адам оны алып, балалардың тілектерін орындай алады. Акция желтоқсанның жиырмасыншы жұлдызына дейін жалғасады. Және өзге облыс орталықтарында да жалғасын таппақ.
Дәулет КӘРІБЕК, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Мысалы, кейбіреулері айтып жатады: менің хоккейге барғым келеді; жүгіруге қатысамын және т.б. күнделікті армандарын іске асыруға біз осы қайырымды жандармен бірге жүзеге асыруға тырысамыз.
Ә. Өмірзақ