Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Айбын» президенттік полкінің қатары 70 жас сарбазбен толықты

AstanaTV
03.12.2019ж. 20:00
4682
«Айбын» президенттік полкінің қатары 70 жас сарбазбен толықты

«Айбын» президенттік полкінің қатары 70 жас сарбазбен толықты.  Сайдың тасындай 14 облыстан  іріктелген олар алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласында Әскери ант қабылдады. Бұған дейін ресми іс-шара оңтүстік астанада өтіп келген. Құрмет қарауыл ротасына қабылданған жас сарбаздарды жіті таңдап алған. Мәселен, бойы 1 метр 85 см кем емес, физикалық және психикалық дайындығы жақсы болуы шарт.
  
Елдар ЖҮНІСОВ, ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕУШІ:

Мен үшін президенттің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен өтетін мемлекеттік іс-шараларды қамтамасыз ететін 1-ші құрмет қарауыл ротасында отан алдындағы борышымды өтеу үлкен абырой деп білемін.

Ә. Өмірзақ