Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Түркістан облысы Жетісай ауданында мүгедектер мен соғыс ардагерлеріне арнап салынған үйдің сапасы сын көтермейді

AstanaTV
04.12.2019ж. 20:00
3788
Түркістан облысы Жетісай ауданында мүгедектер мен соғыс ардагерлеріне арнап салынған үйдің сапасы сын көтермейді

Түркістан облысы Жетісай ауданында мүгедектер мен соғыс ардагерлеріне арнап салынған үйдің сапасы сын көтермейді. 2015 жылы пайдалануға берілген көпқабатты үйдің кәріз құбыры жұмыс істемейді. Тұрғындардың айтуынша, пайдалануға берілген ауыз судың өзі ішуге жарамсыз. Жергілікті әкімдік өкілдеріне қанша шағымданып, арыз жазғанымызбен мәселенің шешілетін түрі жоқ - дейді. Амалы таусылған 36 отбасы бүгін арнамызға хабарласты.

Әлия ТӨЛЕМІСОВА, ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Біз суды  қасымыздағы бір көшеден, частный бір кісіден жіберіледі су. Ол су оказывается ішуге жарамсыз екен. Кәдімгі тұзды су ғой. Еще оны санстанция тексерген кезде сүлдем ішуге жарамайды деп айтқан екен. Бізде септикта, ол септигіміз мына үйге келмейді да. Тез толып қала береді. Үйдің арты-алды септиктен шыққан судан су басып кеткен.



Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Дәл қазір осы мәселеге байланысты Жетісай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Берік Мамбетовке хабарластық. Сәлеметсіз бе Берік Өмірұлы сіз тікелей эфирдесіз. Бұл жағдайдан хабарларыңыз бар ма? Неліктен тұрғындар ащы, ішуге жарамсыз сап-сары суды тұтынып отыр? Сапасы тексерілді ме?


Берік МАМБЕТОВ, ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Бізде Жетісай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бақылау басқармасының тарапынан судың сапасы әр айда сараптама қорытындысы алынады. Сөйтіп ішуге жарамды деп СЭС тарапынан анализдер берілген. Ішуге жарамды деп.


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сіздер барып сондағы сап-сары суды ішіп көрдіңіздер ме?

Берік МАМБЕТОВ, ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:


Ішіп көрдік сол сараптама қорытындысы нәтижесінде су жарамды деп тұрғой.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Шын мәнінде барып ішіп көрдіңіздер ме? Тұрғындар өтірік айтпайды ғой.

Берік МАМБЕТОВ, ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:


Суды ішіп көрген жоқпыз. Біз тағы допалнительный барып көрейік. Бірақ анализдің қорытындысына сәйкес, ішуге жарамды ауыз су.


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Кәріз суы кететін шұңқыр толып үйдің айналасын ластайды деп жатыр тұрғындар. Бұл  проблеманы қалай шешесіздер?


Берік МАМБЕТОВ, ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:


Ол проблеманы кәріз құбыры бойынша, ол магистралды кәріз құбырына қосылмаған, біріншіден. Біз ол жерге арнайы аудан әкімі тарапынан  септик қызылып, сөйтіп ол жердің күнделікті суын сорғызып тартуда. Тазаланып жатыр септигі.


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Берік мырза қараңызшы, бұл үй мүгедектер мен соғыс ардагерлеріне арнайы салынған үй ғой. Демек, кәріз жүйесі басқа да барлық жағдайлар орталықтандырылған, барлығы жұмыс істеп тұруы керек қой. Судың сапасы да дұрыс болуы керек. Сонда аяқталмаған жоба болып тұр ма тұрғын үй?

Берік МАМБЕТОВ, ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Тұрғын үй аяқталған. Орталықтандырылған кәріз құбырына дейін арада жобамен 1 км-дей қашықтықта жер бар да. Қаланың сырт жағында орналасуына байланысты, алдағы жоспарымызда бар кәріз құбырына орталықтандыру, кәріз құбырына қосу жоспарымызда бар.

Көрерменіміздің мәселесін жақын арада шешіп бересіздер деп сенеміз. Біз де бұл мәселені бақылауда ұстаймыз. Сұхбатыңызға рахмет! {КАМ}: Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.

А. Данияр