Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Жыл басынан бері 58 адам поез астына түсіп қаза тапты

AstanaTV
06.12.2019ж. 20:00
2536
Жыл басынан бері 58 адам поез астына түсіп қаза тапты

Жыл басынан бері 58 адам поез астына түсіп қаза тапты. Оның 10-ы жасөспірім. Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің басқарма бастығы Жасұлан Байкенов арнамызға берген сұқбатында айтты. Қайғылы жағдай  көпшіліктің поез жолды кесіп өтуі салдарынан болады,- деді.

Жасұлан БАЙКЕНОВ, ҚР ІІМ КӨЛІКТЕГІ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:


Адамдардың белгіленбеген жерлерден өту себебінен болды. Музыканы қатты тыңдап, естімей қалу себептері болды. Өйткені теміржол поезді 14 мың тоннадан астам. Жедел тежеу уақытында ол тек 800 метрден ғана тоқтай алады.


Осыған орай көліктегі полиция департаменті мен теміржол маңындағы колледждер мен университет студенттері бірге күресуді қолға алған. Бүгінде республика бойынша 600-ге жуық студент жазатайым оқиғалардың алдын алуға өз септігін тигізіп келеді.

Ә. Өмірзақ