Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Келесі жылы ел қазынасынан жергілікті бюджетке 2 трлн теңге қаржы бөлінеді

AstanaTV
06.12.2019ж. 20:00
1991
Келесі жылы ел қазынасынан жергілікті бюджетке 2 трлн теңге қаржы бөлінеді

Келесі жылы ел қазынасынан жергілікті бюджетке 2 трлн теңге қаржы бөлінеді. Бұл туралы Мәслихатының құрылуына 25 жыл толуына арналған конференцияда белгілі болды. Елді-мекендердегі қажеттіліктердің көбеюіне байланысты, бөлінген қаражат та өскен. Аймақтарда, әсіресе су шаруашылығын қаржыландыру ақсап тұр. Қалдықтарды тазалау деңгейі төмен. Жергілікті әкімдіктердің өзі табиғатты қорғауға бағытталған қаражаттың басқа мақсатқа жұмсалып кетететінін мойындайтын көрінеді.


Дариға НАЗАРБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әріптестер бюджетті жоспарлау процедураларын өзгерту, оған депутаттардың белсенді қатысуы, аймақтық тексеру комиссияларын бюджет жұмысына тарту мәселелерін негізді түрде көтеріп келеді. Республикалық деңгейде шешім қабылдаған кезде де аймақтардың, ең алдымен мәслихат депутаттарының ұстанымдары мен пікірлеріне көбірек назар аудару қажет деп ойлаймын.

А. Мүтәлі