Жамбыл облысында сырттағы дәретханаларды ішке көшіруге не кедергі? Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов бүгін осы сауалға жауап берді. Оның айтуынша өңірдегі 200-ден астам мектептің дәретханалары сыртта орналасқан. Оның ең құрығанда жартысын ішке көшіруге шамамен 640 миллион теңге қажет. Сонымен қатар, кәріз құбыры мен судың тартылмағаны да жұмысты тежеп отыр, деді.
Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Су және тағы басқа жұмыстарды қажет ететін мектептерді қоса есептейтін болсақ жаңағы 640 миллион теңге жетпейді. Ол тек құрылысқа көзделген ақша. Бастысы кәріз құбыры мен су тарту керек. Қарапайым жұмыс болып көрінгенімен уақыт пен біраз ақшаны талап етеді.
А. Өмірзақ