Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар ұсынылды

AstanaTV
12.10.2017ж. 20:00
3365
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар ұсынылды

"Нұр Отан" партиясы жанындағы Құқықтық кеңес әкімшілік айыппұлдардың мөлшерін төмендету ұсыныстарын талқылады. Еліміздің азаматтарына маңызды мәселені Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулардың өзекті мәселері тақырыбындағы дөңгелек үстел кеңестің төрағасы, заң ғылымдары докторы Нұрлан Әбдіровтың жетекшілігімен өтті. Кеңестің жұмысына  Парламент депутаттары, "Нұр Отан" партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бейне-конференция байланысы арқылы шығып, кеңейтілген түрде өз ұсыныстарын ортаға салды. Шараға мұрындық болған Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті мен Әділет министрлігі. Сонымен бірге, Құқықтық Кеңесте жазалау түрлерін оларды ізгілендіру пайдасына қайта қарау, қысқартылған іс жүргізуді қолдану аясын кеңейту сияқты маңызды мәселелерді ортаға салды. Жиында айыппұл сомасы жалпы сомадан 30 пайыз шегінде қысқартылуы мүмкін субъектілер, соның ішінде заңды тұлғалар тізбесін кеңейту ұсынылады.

Асылбек Смағұлов, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Қамау мерзіміне қатысты да талықылайтын боламыз. Оны жаңағыдай қайталап қылмыс жасайтын болса, я болмаса ауырлататын әкімшілік құқықтық бұзушылық жасайтын болса, сол кезде біз ондай шаралар қолданатын боламыз.