Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Бай-бағландарға арналған азық-түлік бағасы күрт қымбаттаған

AstanaTV
12.10.2017ж. 20:00
2175
Бай-бағландарға арналған азық-түлік бағасы күрт қымбаттаған

Аз қамтылған азаматтарға қарағанда бай-бағландарға арналған азық-түлік бағасы қарқынды өсіп жатыр. 9 айда өсім 4,8 пайызды құрады. Ал аз қамтылғандар азығы 1,8 пайызға қымбаттаған. Бұл мәліметтер Ранкинг зерттеуінде көрсетілген. Қалтасы көтеретін қазақстандықтар үшін еттің бағасы 10,7 пайызға, ал картоп 8,4 пайызға қымбаттаған. Ет пен құс етінің құны аз қамтылғандар үшін де 10,4 пайызға көтерілген. Жалпы алғанда, жыл басынан бері сусындар мен темекі өнімдерін қосқанда, азық-түлік бағасы 2,2 пайызға қымбаттаған. Ал қалтасы көтеретін азаматтар үшін азық-түлік құны 5,1 пайызға күрт артқан.