Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Бір жылда Нұр-Сұлтан қалалық филиалына 7 мыңнан астам өтініш келіп түсті,- Е.Қаналимов

AstanaTV
09.12.2019ж. 20:00
1974
Бір жылда Нұр-Сұлтан қалалық филиалына 7 мыңнан астам өтініш келіп түсті,- Е.Қаналимов

Жыл басынан бері 7 мың астаналық партия қатарынан шығарылды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы активінің жиынында айтылды. «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қаналимов партия жұмысының ашықтығына тоқталды. Ол талап күшейген сайын, жұмысты да жандандыра түсу қажет,-дейді. Айтуынша, бір жылда Нұр-Сұлтан қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесіне 7 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Арыз-шағымның 60 пайызы дер кезінде шешіліпті. Ерлан Қаналимов халықтың жетекші партияға деген сенімін арттыру керектігін баса айтты.
    
Ерлан ҚАНАЛИМОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Елбасының тапсырмасына сәйкес түсіндіріп айту қажет. Жай адамдарға жеткізу керек, партияның қандай жұмыс атқарып жатқанын, қандай бағдарламалар бойынша жұмыс істеп жатқанын халық білуі тиіс. Ең басытсы халыққа жақын болуымыз керек. Партия ашықтыққа басымдық беріп отыр. Билік пен халық арасында алтын көпірге айналу керекпіз. Сондықтан бастаушы ұйымдар арасында осындай жиын өткіздік бүгін.

Ғ. Өтемісов