Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елорда жастары сыйлығы - 2019 байқауының жеңімпаздары марапатталды

AstanaTV
09.12.2019ж. 20:00
2775
Елорда жастары сыйлығы - 2019 байқауының жеңімпаздары марапатталды

"Елорда жастары - 2019"  байқауының жеңімпаздары марапатталды. Ауқымы кең жоба алғаш рет ұйымдастырылп отыр.  Дарынды жастарды қолдау, олардың жетістіктерін халық арасында кеңінен насихаттауды мақсат еткен жобаға 1000-нан аса өтініш келіп түскен. Соның арасынан іріктеліп 2-нші кезеңге жолдама алған 49 қатысушыға халық ғаламтор арқылы дауыс берді. Жоба жеңімпаздарына қолдау көрсету үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновте те қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба алдағы жылдары да жалғасын табады.

Бақытжан ЖҮНІСБЕКОВ,  НҰР-СҰЛТАН қ. ӘКІМДІГІНІҢ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Жастар жылында осындай қорытынды іс-шара ретінде өзіміздің елордамызда елорда атынан елімізді әлемдік деңгейде жан-жақты танытып жүрген, талантты, дарындыларды қолдап, оларға рақмет айтамыз. Жастар жылы олар үшін мүмкіндік жылы болды. Олар өз мүмкіндіктерін оңтайлы пайдаланып бүгін міне нәтижесінде жалпы халықтың қошетемтке ие болып отыр.

15 номинация бойынша анықталған кіл мықтыларға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтар мен 100 000 теңге көлемінде сертификаттар табысталды. Байқаудың "Кино және театр" аталымы бойынша үздік деп көрерменге "Бекзат Саттархановтың" рөлі арқылы танылған Самат Әзімқұлов ие болды.

Самат ӘЗІМҚҰЛОВ, АКТЕР:

Осындай керемет жобаларды елімізде көп болу керек деп ойлаймын. Жастарды жігерлендіретін, жастарды толағай жетістіктерге жетуіне себепкер болатын осындай керемет жобада, осындай керемет адамдармен кездесіп отырғаныма өте қатты қуаныштымын. Әрине, бәріне сәттілік тілеймін. Бұйырса бұйырған кетпейді дейді. Сондықтан үмітіміз бар.

А. Данияр