Елордада ХІІ қысқы қайырымдылық балы өтті. 8 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан шарада 380 миллион теңгеден астам қаржы жиналды. Қысқы қайырымдылық балы "Болашақ" корпоративтік қорының бастамасымен өтеді. Мақсаты - ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алу мәселелеріне қоғамның назарын аудару және дарынды жастарға қолдау көрсету. Қорға түскен қаражатты "Әр бала мектепке лайықты" және "Жол жүру гранттары" қайырымдылық жобаларына жіберіледі. 7 жыл ішінде қорға 400 миллионнан астам теңге келіп түсті. Түскен қаражатқа: бүкіл Қазақстан бойынша инклюзияны қолдаудың 43 кабинеті ашылды - аутизм және басқа да науқасы бар 400-ге жуық бала мектепке баруға мүмкіндік алған.
Динара ШАЙЖҮНІСОВА, "БОЛАШАҚ" ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:
Бұл жай ғана бал емес. Бұл ең алдымен, көптеген адамдардың, меценаттардың, компаниялардың біздің қайырымдылық жобаларын іске асыруға қосқан үлесі. Бұдан өзге, ізгі іс-шара арқылы қайырымдылыққа, би мәдениетіне, жанашырлық, мақсатқа деген ұмтылыс секілді моральдық құндылықтарға баулыған 6 мыңнан астам жас дебютант қатысты.
А. Данияр