$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылордалық мүгедек азамат арнайы ем-шара ала алмай жүр

AstanaTV
11.12.2019ж. 20:00
2555
Қызылордалық мүгедек азамат арнайы ем-шара ала алмай жүр

Қызылоралық 1 топтағы мүгедек азамат жылына екі рет көрсетілетін арнайы ем-шараны ала алмай жүр. Редакциямызға хабарласқан Қызылорда обылысы Тасбөгет кентінің тұрғыны Асылбек Қайырбаев осындай шағым айтты. Науқас буын ауруына шалдыққан. Төсек тартып жатқанына 20 жыл болыпты.

Асылбек ҚАЙЫРБАЕВ, ТАСБӨГЕТ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жылына екі рет укол беретін. Сол енді мартта салды да, енді октябрьде салу керек-тұғын. Октябрьде мен хабарласып едім бұларға, күні ертең, күні ертең деп ноябрьге дейін созды. Енді кеше звондасам, бұл жылдың аяғы бітті, енді ендігі жылы саламыз дейді.

Мәселенің мән-жайын білу үшін Тасбөгет қалалық №4 емханасының бөлім меңгерушісіне хабарласып көреміз. Сәлеметсіз бе, Гүлнар Нығыметқызы, бізге хабарласқан көрерменнің ем-шарасы неге кешіктірілді?

Гүлнар БАТАН, ТАСБӨГЕТ қ. № 4 ЕМХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Сәлеметсіз бе, кеш жарық! Науқас Қайырбаев Асылбек 66-шы жылы туылған. Бізде диспансерлік есепте 1996 жылдан бастап тұрады науқас. 1-ші топтағы мүгедек. Өзінің негізгі науқасына байланысты сахарный диабетпен аурыды науқас. Тегін дәрілерін ай сайын алып тұр. Енді үйден алатын күндізгі ауруханасына жылына негізі екі рет алу керек қой науқас. Ол кісі март айында алған. Енді осы 2-ші рет күндізгі ауруханаға емі тағайындалып, оған дәрігерлердің жетіспеушілігіне байланысты аймақтық дәрігер кезекті еңбек демалысында болды да, міне осы күні бүгіннен бастап науқас күндізгі ауруханадағы емін бастап алып жатыр. Өзім және аймақтық дәрігер мана барып, науқас көрілді.   


Жалпы осы сияқты тіркеуде тұрған қанша азамат бар сіздерде? Олар қажетті медициналық көмектерін алып жатыр ма?

Гүлнар БАТАН, ТАСБӨГЕТ қ. № 4 ЕМХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Менің аймағымда Асылбек сияқты науқастар 70-80 аса бар. Барлығы да өздеріне тиесілі емдерін алып, уақытылы қаралып жатыр.

Жалпы Асыбек сияқты осындай мұқтаж адам жоқ па қазір?

Гүлнар БАТАН, ТАСБӨГЕТ қ. № 4 ЕМХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Жоқ енді қазір бәрі емдерін уақытылы алып, қаралып тұр дәрігерлеріне. 

Бүгін біздің арна тілшілері осы мәселенің мән-жайын анықтап жатқанда аурухана қызметкерлері мүгедек азаматтың үйіне барып, медициналық көмек көрсетті. Науқас адам ендігі емін ешқандай кедергісіз алады деп сенеміз. Рахмет! Бізбен телефон арқылы тікелей байланысқа шыққан Тасбөгет қалалық №4 емханасының бөлім меңгерушісі Гүлнар Нығыметқызы. Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады. Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. 

А. Асқар