$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Өзбекстандық студенттерге 10 грант бөлінді

AstanaTV
11.12.2019ж. 20:00
2153
Өзбекстандық студенттерге 10 грант бөлінді

Қазақстан өзбекстандық студенттерге 10 грант бөлді. Мұндай мүмкіндікті Қазақ гуманитарлық заң университеті жасап отыр. Олар көрші елдің биылғы түлектерін құқық және экономика саласы бойынша оқуға қабылдауға дайын. Ол үшін Өзбекстанның білім министрімен арнайы кездесіп, шарт жасасыпты. Университет бұл бастаманы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ташкентте өткен Орта Азия елдерінің консультативтік кездесуінен кейін қолдап отыр. Ол кезде Тұңғыш Президент Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан мемлекеттерінің студенттеріне Қазақстан жыл сайын 40 грант бөлетін болады деп айтқан болатын.

Талғат НӘРІКБАЕВ, ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

Оқуға қабылдау үшін арнайы конкурс ұйымдастырамыз. Оған өзбекстандық билік өкілдеріне қызығушылық танытып отыр. Олар студенттерді бізбен бірге іріктеуге дайын. Грантты жеңіп алғандарды тегін оқу және жатақханамен қамтитын боламыз. Сонымен қатар, қаңтар айында Түркіменстанға бару жоспарда бар. Ондағы жастарға да 10 грант бөлуді қарастырамыз.

Бұдан бөлек, білім ордасы өз оқу бағдарламасын Ташкент мемлекеттік заң университетіне де енгізбек. Ол үшін жоғары оқу орнымен меморандумға қол қойыпты.

А. Мүтәлі