Ақтөбедегі еріктілер арасында зейнет жасындағы егде адамдар да бар. Олар қарттар үйі, дағдарыс орталықтары мен жетімдерге көмектесіп жүр. Зейнеткерлер аталған мекелерге қажетті заттарды тоқыма тоқу арқылы жасап, сыйға тартады. Тек бір жыл ішінде ұйым мүшелері бес жүздей тоқыма бұйым тоқып, мұқтаж жандарды қуантқан. Тілшіміз тарқатады.
«Қайырымдылық ілмегі» еріктілер клубы, екі жыл бұрын ғана ашылған. Осы аядай пәтер әзірге бұл клуб мүшелерінің жиналатын орыны. Осы жерде жүздеген бұйымдар тоқылып, өз иелерін тауып жатыр. Әжелер бос уақыттарында келіп, өз немерелеріндей балаларға тоқыма тоқиды.
Бұлбұлай БЕГІМБЕТОВА, ЗЕЙНЕТКЕР:
Тек өзіміздің жүрегіміздің қалауымен жүрегіміздің жылуымен солармен бөлісейік. Кішкентай болса да өз қолымыздан шыққан дүниелерді беріп, солар мәз болсын, керектеріне жаратсын деген сондай ұстаным.
Бұл клубтың бүгінде отыз шақты мүшесі бар. Барлығы жиналып қарттар үйінен, дағдарыс орталықтары мен балалар үйіне жылы киімдер апарады. Әжелер жақсылық жасау өз алдына, тоқыма тоқу денсаулыққа пайдалы деп отыр.
Римма ОРЫНБАЕВА, ЗЕЙНЕТКЕР:
Термин бар ғой спицетерапия деген. Өзімізге де пайдалы. Күндіз уақыт жоқ кешке жатпас бұрын екі сағат тоқып. Содан бітіргеннен кейін мәз болып, давлениемде түседі. Жүрегімде жақсы болады.
Жас ұйымның күрмеуге келмейтін мәселелері де баршылық. Қайырымдылықты жанына жолдас еткендердің жиналатын орны тарлық етеді. Одан қалды қариялар өз зейнетақыларына жіп сатып алып жүр.
Светлана КОРОВИНА, «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІЛМЕГІ» ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Жұрттың барлығы қалталы емес. Бірақ қайырымдылық жасайын деген адам жолын табады екен. Біздердің тоқыма сүйікті ісіміз сондықтанда үйдегі бар жіптерімізбен киімдер тоқып, оны адамдарға сыйға тартуды қолға алдық. Кейде жіп таппай қаламыз, сол кезде қол байлау болады. Ақшалы адамдар тоқыма жіптерін алып беріп көмектесе құба құп болар еді
Негізі Ақтөбе өңірінде бірнеше ұйым қайырымдылықпен айналысады. «28 ілмек» атты еріктілер тобы өңірдегі перзентханаларды түгел тоқыма киіммен қамтамасыз етіп отыр. Тоқылған киім шала туған нәрістелердің өмірге тез бейімделуіне көмек дейді. .
Жарқын ЕСЕНОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛЬДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ МЕДБИКЕСІ:
Баланың басынан бастап кигіземіз. Температурасын ұстайды. Екіншіден шұлығын кигізіп қоямыз. Бұлар баланың қан айналымын жақсы қылады. Әрі қарай бала оңалып, жақсы болып кетуіне өте көмегін тиізеді.
Жүрек қалауымен осылай қайырымдылық жасап жүргендер жетерлік. Әрқайсысы әлі келгенше қоғамға өз үлесін қосып, жақсылық жасауда. Бір Ақтөбеде осындай тоқыма тоқумен айналысатын төрт бірдей еріктілер клубы бар.
Б. Рахметова