Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қарағандыда «Сарқылмас қазына» шертпе - күй мен жыр - терме фестивалі өтті

AstanaTV
13.12.2019ж. 20:00
4276
Қарағандыда «Сарқылмас қазына» шертпе - күй мен жыр - терме фестивалі өтті

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ- домбыра». Қарағандыда «Сарқылмас қазына» шертпе - күймен жыр- терме фестивалі өтті. Орталық Қазақстанның шыққан күйшілері мен термешілері жиналып ежелгі өнердің әуенін асқақтатты. Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған байқауға жиырмадан астам домбырашы қатысты.

Бұл- құлақтан кіріп, бойды алған Орталық Қазақстанның дәстүрлі шертпе күйі. Оның негізін салушы- Тәттімбет Қазанғапұлы. 20- дан астам домбырашы ең алдымен осы шертпе күйімен жарысты. Бір күйші бастаған шығарманы екінші өнерпаз жалғап әкетеді. Бұдан басқа жыр- терме де күймен бір тұтасып жатады. Оған қобыздың қоңыр үні де қосылды.

Қарағандыда «Сарқылмас қазына» шертпе күй мен жыр- терме фестивалі тұңғыш рет ұйымдастырылды. Оған жуырда Достық үйінде ашылған «Арқаның ақындар мектебі» себепкер болып отыр. Мұнда Тәттімбет оркестірінің атақты күйшілері мен термешілері аға буынмен бірге жастарды да ұлттық құндылықты сақтауға баулиды.

Балғабек СМАҒҰЛОВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ ТӘТТІМБЕТ ОРКЕСТРІНІҢ КҮЙШІСІ:

Балаларымызға осы күйді үйретіп арықарай менің жолымды ұлым жалғастырып жатыр. Жалғыз осы Тәттімбет оркестрінде ғана емес Өнер мектебінде қызмет жасап жатырмыз. О жерде де осы күйді дәстүрімізді арықарай жалғастырып жатырмыз.


Сөзге шорқақ болса да домбыраның құлағында ойнайтын күйшілердің айтуынша, бүгінде бұл өнерге халық қызығатын болған. Сондықтан мектептерде домбыра үйірмелері де жиі ашылуда деді. Онымен қоса Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақтану» жобасының аясында ежелгі дәстүрді дамытуға ат салыспақ.

Ерлан ҚҰСАЙЫНОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ ДИРЕКТОРЫ:

Жаһарндану дәуірінде өзіміздің кесін- келбетімізді, бет бейнемізді, болмыс-  бітімімізді сақтаймыз десек ең алдымен осы тарихымызға тамырымызға үңілуіміз керек.



А. Қуаш