Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Оралда бірнеше спорт алаңы ашылды

AstanaTV
18.12.2019ж. 20:00
1802
Оралда бірнеше спорт алаңы ашылды

Оралда Тәуелсіздік мерекесіне орай, екі әмбебап спорт алаңы ашылды. Жаңа нысандар қала шетіндегі «Құс фабрикасы» мен «Балауса» ықшам аудандарында орналасқан. Бұл аумақта 70 мыңдай адам тұрады. Енді олар спортпен қалауынша айналыса алады, деді жергілікті билік өкілдері. Былтыр қала көлемінде осындай жеті алаң салынса, келер жылы тағы екеуін салу жоспарланып отыр. Мақсат- бұқаралық спортты жандандыру. Әмбебап спорт алаңы үш аумақ бөлінген. Мысалы, жаз кезінде балалар футбол ойнаса, күн суытып, қыс түскенде мұз қатырып, хоккей ойнауға да болады. Сонымен қатар балалар алаңы мен түрлі тренажерлер орнатылған.

Артур ШЕРҒАЛИЕВ, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

2020 жылы біз дене шынықтыру мен спортпен шұғылданудың процентін көбейтіп, 30 пайыздан асырдық. Елбасының қойып отырған бастамасын міндеттік жоспарымызға енгізіп отырмыз.


Е. Карин