Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Отандық дәрігерлер 5 айлық сәбиге диагноз қоя алмай отыр

AstanaTV
19.12.2019ж. 20:00
2962
Отандық дәрігерлер 5 айлық сәбиге диагноз қоя алмай отыр

Отандық дәрігерлер 5 айлық сәбиге диагноз қоя алмай келеді. Қарағандылық Гүжазира Өнерхан баласын емдете алмай, шырылдап жүр. Шарасыз ана бас қаладағы дәрігерлерден көмек сұрап келгелі жарты жылға жуықтаған. Әріптесім Ғалымжан Өтемісов жағдайды анықтап көрді.

Гүлжазира баласы үшін отқа да, суға түсіп жүр. Бірақ нәтижесін көре алар емес. Сәбиіне араша болар дәрігер таппай бас қалаға келгеніне де жарты жылға жуықтаған. Бұған дейін екі нәрестеме қарағандылық дәрігерлер араша бола алмады дейді. Ендігі үміті елордадағы «Ана мен бала» орталығында. Бірақ онда қаралудың оңайға соқпай тұрғанын айтты.

Гүлжазира ӨНЕРХАН, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ана мен бала орталығынан постоянно врач шақыртамыз. Ол врачтар келіп отписка жасап, кетіп қалады. Баланың жағдайы тяжелый. Постоянно под капельницой болады. Капельница алмаса салмағы мен температурасы түсіп кетеді. 5 айлық бала қазір 3,4 кг ғана, хотя қазіргі уақытта 7-8 кг болуы керек ол.

Анысының айтуынша Жанботаның ішек жолдары дұрыс емес. Өйткені бала аузымен ішкен затын құсып тастайды деді. Оның азығы күретамырмен берілетін медициналық сұйықтықтар ғана. Қазір нөмірі бірінші балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер нақты диагнозын айта алмайды.

Гүлжазира ӨНЕРХАН, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Енді бұл балада генетический заболевание деп тұр. Асқазанда тамақты сорып алатын клей жоқ дейді. Оны анықтау үшін Москваға жібердік, результатын күтіп отырмыз.


Дәрігерлер әзірге тек болжам жасай аламыз,-деді.

Динат ҚОЖЫКЕНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ №1 КӨПСАЛАЛЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Баланың жағдайы тұрақты. Бірақ кейбір клиникалық көріністер әлі сақтаулы. Қазір семтаматикалық ем көрсетіп жатырмыз. Яғни дұрыс сіңбейтін қоректік заттарды сіңдіріп жатырмыз тамырішілік екпе арқылы. Пневманиялық белгі болып еді, оны емдеп шығардық.

Материал эфирге дайындалып жатқан кезде, Жанботаның анасы арнамызға телефон соқты. Ол науқас нәрестені бүгін республикалық «Ана мен бала» орталығына ауыстырғанын жеткізді. Аталған мекеме баланы барлық тексеруден қайта өткізбек.

 Ғ. Өтемісов