Адам саудасымен айналысқандар енді 12 жылдан 20 жылға дейін сотталады. Сенаттың мақұлдауымен бұл аса ауыр санаттағы қылмыстар қатарына енгізілді. Бұл туралы бүгін сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді. Бұдан өзге, Қазақстан территориясына келген шетелдіктерді көші-қон полициясына қонақ үй әкімшілігі тіркеуге міндеттелетіні де айтылды. Әлихан Асқарұлы жалғастырады.
Бұған дейін адам саудасымен айналысқандардың 3 жылдан 5 жылға дейiн ғана сотталатын. Жаза жеңіл. Сондықтан болар бұл бағыттағы қылмыстар саны азаймады. Енді адам сатып, оны өзге елдердің шекарасына асырғандар мен ағзаларды трансплантациялап бизнес жасағандар 20 жылға дейін жаза арқалайды.
Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Салдары жаңағы адамның өлміне қауіп төндірсе, зардап жасаса ол жаңағы адам өлтіргенмен теңестіріледі. Мәселені жаңығы тергеуде қарасын, сотта қарасын, сондықтан осы жаупкершілік күшейтіліп жатыр. Санкциясы көтеріліп жатыр.
Заңнамаға енгізілген өзгерістердің бірі өзге елден келіп жұмыс істейтін азаматтарға қатысты. Бұған дейін шетелдіктер 5 күн аралығына көші-қон полициясына өздері барып тіркелуі тиіс болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі инвистициялық климатты жақсарту тапсырмасы бойынша, шетелдіктер бұл мінтеттен босатылады. Тиісінше, бұл қызмет түрі қонақ үйлер мен хостел иелеріне жүктеледі.
Болат СЕРІКБАЕВ, ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Уақыт алады. Оған қағаздарымен, документацияларымен қиындық болады. Енді тіркеп біраз жұмыс деп ойлаймын негізі. Онлайн жағынан болады негізі.
Егер қонақ үй қызметкерлері шетелдіктерді көші-қон полициясына уақытылы тіркемесе, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал кәсіпкер деген ресми құжаты жоқ, бірақ үйді жалға беріп жүргендерді құқық қорғау органдары анықтайды. Ол үшін заңда қосымша нормативтік актілер қарастырылған.
Ә. Асқарұлы