Жылыту
маусымы басталғалы көмір бағасы 7 пайызға қымбаттады. Бұл Energyprom.kz.
мониторингтік агенттігінің мәліметі. Қыркүйекте көмірдің тоннасы орташа есеппен
11 мың теңгені құраған. Бұл тамыз айымен салыстырғанда 6,6 пайызға қымбат. Ал
өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 18,9 пайызға өскен. Көмір Ақтөбеде
қымбатқа сатылып жатыр. Тоннасы 14 500 теңгені құраған. Бұл былтырғыдан 2,5 есеге
қымбат. Астанада тоннасы 14 200 теңге. Тамызбен салыстырғанда 24,8
пайызға күрт көтерілген. Оралда 7,5 пайызға қымбаттап, тоннасы 14 000 теңгені құраған.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, бұл алыпсатарлардың
ісі. Көмір өндірушілер де бағаны соншалықты өсірмеген. Керісінше, өндіріс
қарқынды. Биыл 9 айда 55,8 миллион тонна көмір өндірілген. Оның 40,5 миллион
тоннасы жылу тарататын кәсіпорындарға жіберілген. Бұл былтырғыдан 34,5 миллион
тоннаға артық. Ал халықтың тұрмыстық қолданысына 8 миллион тоннасы ұсынылған.
Бұл да өткен жылғыдан бір жарым миллион тоннаға көп.