Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қостанайда мекен-жайына жүзден астам адамды тіркеген тұрғын анықталды

AstanaTV
20.12.2019ж. 20:00
2373
Қостанайда мекен-жайына жүзден астам адамды тіркеген тұрғын анықталды

Қостанайда екі бөлмелі пәтерге 107 адам тіркелген. Көші-қон қызметі басқармасының мамандары, жеңіл ақша тапқан пәтер иесін анықтап, оған айыппұл салды. Қала тұрғыны хабарландыру беру арқылы қалың жұртты өз мекен-жайына тіркеп, әрқайсысынан 5 мың теңгеге дейін ақша алып келген, деді құзырлы орын өкілдері. Өткен жылы 70 адамды тіркепті. Былтыр да әкімшілік жауапкершіліке тартылған. Алайда оңай олжаны көздеген қостанайлық көлеңкелі қызметін жалғастырған. Жыл басынан бері жүзден астам адамды үйіне тіркеп үлгерген. Бұл жолы 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Заңға сәйкес үй иесі мекен-жайына ондаған адам тіркеуіне болады. Алайда тіркелген адамдардың барлығы сол жерде тұруы тиіс. Егер тұрмайтын болса, пәтер иесі жауапкершілікке тартылады,-дейді полицейлер.

Қайрат ДҮТПАЕВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Өткен жылы біз оны жауапкершілікке тарттық. Алайда ол өз қызметін жалғастыра берген. Адамдарды өз мекан-жайына тіркеп, сол үшін ақша алған.

З. Санай