Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтөбеде жоғарғы оқу орны студенттері ұстаздардан қысым көрдік деп отыр

AstanaTV
25.12.2019ж. 20:00
3476
Ақтөбеде жоғарғы оқу орны студенттері ұстаздардан қысым көрдік деп отыр

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері шу шығарды. Айтуларынша ерікті студенттерге оқытушылары «Экстремисттік топ» деп айыптап, қысым көрсеткен. Оқудан шығарамыз, жатақханадан қуамыз деп қорқытқан көрінеді. Тілшіміз Бақыт Рахметова тараптарды тыңдады.

Бүгін университет алдына ашулы студенттер жиналды. Барлығы «Үмітің үзілмесін» еріктілер тобының мүшелері. Айтуларынша, екі айдан бері ұстаздарынан қысым көріп келеді.

Мейрамбек ЖОЛДЫБАЕВ,  «ҮМІТІҢ ҮЗІЛМЕСІН» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ, СТУДЕНТ:


Университет біздерді қараша айынан бастап «Экстремистік топ» деп өзімізге айтпағанымен еріктілерімізге айтуда. Оған қатысты аудио жазбаларымыз бар. Ата-аналарға шығып студенттерді оқудан шығарамыз, гранттан айырамыз деген сияқты қысым көрсету арқылы еріктілер қатарынан шығаруда.

Әсел ҚУАНТХАНОВА, ЕРІКТІ:
 
Бізге намазхандар намаз үйретеді. Діни кітаптар таратады. Бізде ондай қозғалған жоқ. Бірақ ондай нәрсе айтылып жатыр. Біз намыстанамыз. Жасамадым деген дүниені жасадың деп айтып тұр бізге. Жала жабылып тұр. Экстремист болатындай біз не жасадық осы күнге дейін.

Бұл «Үмітің үзілмесін» еріктілер ұйымы университет қабырғасында төрт жылдан бері қызмет етіп келеді. Құрамында 250 студент бар. Арасында намаз оқитын жастар да бар екен. Бірақ оқуға кедергі келтірмейміз деген олар ұстаздарына не жазғанын түсінбейді.

Ақниет ДАЛАБАЕВА, ЕРІКТІ:

Келіп шақырды басында. Сондайды орануды қолдайтын болып тұрсын ғой деп не нәрсе істемегенімді не нәрсеге лайк басқанымды айтпады. Желі де сондай таратқансың деп айтады. Сосын жақсы ескерту шығар деп түсініп кетіп қалдым. Артынан группаның көзінше «Жаңағы террорист қыз қайда?» деп айтады маған зам декан.
 
Университет басшылығы бұл студенттердің айтқанын жоққа шығарып отыр. Олар сессия кезінде сабақты тапсыра алмай немесе қарыздары көбейгеннен ғана қысым көруі мүмкін дейді. 

Нұржан БЕРДІБАЕВ, Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨМУ ПРОРЕКТОРЫ:

Жоқ ешқандай ондай факт орын алған жоқ. Волонтерлік топта болған немесе экстремистік бірдене деген жатақханадан шығару басқа фактілер болған жоқ.

Он үш мыңға жуық студент білім алатын оқу орынында алты бірдей еріктілер тобы бар екен. Осы соңғы жағдайға байланысты оқу орнында қызметтік тексеру жүргізілмек.

Б. Рахметова