Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Сарыағашта 8 жасар балаға соқырішек отасы дұрыс жасалмаған

AstanaTV
25.12.2019ж. 20:00
4766
Сарыағашта 8 жасар балаға соқырішек отасы дұрыс жасалмаған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 8 жасар Нұртас Балтабайға 7-ші рет жасалған отадан кейін баланың көзі көрмей қалған. Редакциямызға хабарласқан науқастың туыстары осылай деп шағымданды. Айтуларынша науқасқа сорқырішек отасы жасалған кезде инфекция түскен. Сарыағаш аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бауыржан Есболұлы осы аралықта іріңдеген ішектерінің біраз бөлігін кесіп тастағанын мәлімдеді.

Захира ӘБЕНОВА, АНАСЫ:


Бұл бала 15 күн бе, 16 күн бе комаға түсіп қалған. Басы ісіп кетті дәу болып. Кейін мына ішінен калл, ірің атылып жатқаннан кейін Шымкенттен санавиация шақырып, сол жаққа жіберді. Бұл баланың ішін қалай жамайды енді? Қалай тігеді?

Мәселенің мән-жайын білу үшін Сарыағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері Бахыт Мырзалиевке хабарласып көреміз. Бахыт Иябайұлы, сәлеметсіз бе?! Баланы мұндай жағдайға душар еткен не және ендігі жағдайы қалай болмақ?

Бахыт МЫРЗАЛИЕВ, САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Саламатсыздар! Пациент біздің ауруханаға соқыршектің асқынған түрімен түскен болатын. Түскен кездегі диагнозы - жедел гангренозды аппендицит. Жедел оталау бөлімінде ота жасалды. Отадан кейін 3 тәулікте асқыну өршіген соң, яғни перитонит белгілерінің өршуіне байланысты қайта ота жасалынды. Науқасқа облыс мамандарының кеңесі ұйымдастырылып, облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Қазіргі таңда науқас хирургия бөлімінің қарқынды емдеу палатасында медициналық хаттамға сәйкес емін алып жатыр. Жалпы жағдайы жалпы тұрақты. Барлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда науқастың салмағы 15 жарым килограмм. Салмағы өз жасына келмеуіне байланысты реабилитациялық көмек көрсету мүмкін болмай отыр. Салмақ қосу үшін, құрамында ақуызы бар дәрілік препараттар және арнайы ақуызы мол тағамдар қабылдауда. Шымкент қаласындағы балалар оңалту ораталығының бас дәрігерімен оңалту туралы келісім жасалған. Пациенттің келергі жағдайы ұзақ оңалтуды қажет етеді. Соның нәтижесіне болжам жасалады.
- Жалпы бала оңалып кете алады деп айта аласыз ба, кепілдік бересіз бе?!
- Енді барлық мүмкіншіліктер жасалынып жатыр. Барлық ем-шаралар клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізілуде.


Операция жасаған хирургке қандай жаза қолдандыңыздар?

Бахыт МЫРЗАЛИЕВ, САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Ол бойынша Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының сарапшы мамандары, аурухананың ішкі аудит бөлімінің қараушы мамандарымен тексеру жүргізілді. Қорытындысы бойынша аурухананың бірнеше қызметкерлеріне тәртіптік шара қолданылды. Атап айтқанда, соның ішінде ота жасаған дәрігер-хирургқа қатаң сөгіс жарияланып және ол өз еркімен жұмыстан босатылды. 

Баланың жағдайын бақылауда ұстайсыздар деп ойлаймын. Біз де ата-анасымен байланыста боламыз. Сұхбатыңызға рахмет! Қымбатты көрермен, егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, экранда көрсетілген нөмірге хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауап іздейміз!

А. Асқар