Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Сенаттың жалпы отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы қабылданды

AstanaTV
26.12.2019ж. 20:00
3569
Сенаттың жалпы отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы қабылданды

«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын бүгін сенаторлар қабылдады. Енді 4 жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есеге артады. Ең бастысы ұстаздар өзіне тән емес жұмыстардан босатылады.  Бұдан бөлек сенаторлар 2-ші деңгейдегі банктерге кепілсіз тұтынушылық несие төлемін 90 күн кешіктіргендерге айыппұл салуға тыйым салды. Әлішер Өмірзақ жалғастырады.

Жоғары палатаның биылғы соңғы отырысына костюмінің түймесін ағытып келген сенаторлардың қарасы басым болды. Дегенмен күн тәртібінде қаралуы 11 заң жобасы қаралды. Соның бірі 2 деңгейдегі банктен несие алып, төлей алмай жүргендерге қатысты. Мақұлданған қаулыға сай енді 90 күн кешіктіргендерге айыппұл, өсімпұл салу тоқтатылады.

Руслан ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарына 90 күн өткеннен кейін кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша айыппұл, өсімпұл, комиссиялар және басқа да төлемдерді есептеуге, талап етуге тыйым салу көзделеді.


Айлық аз, несие алуға мәжбүрміз деген ұстаздар үшін де жаңа жыл қарсаңында жақсы жаңалық. 21 баптан тұратын «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын сенаторлар қабылдады. Яғни ұстаздардың жалақысы өсіп, өзіне тән емес жұмыстардан босайды.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Бүгін шын мәнінде біз үшін тарихи күн. Ендігі кезекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл заңға қол қою мәселесін қарастыратын болады. Мемлекеттік, мемлекеттік емес те ұйымдар педагогтарды өзіне тән емес жұмыстарға тартуына болмайды. Осындай норма қарастырылған. Жаза әкімшілік кодексте қарастырылған, мысалы айыппұлдың көлемі 20-дан 120 АЕК теңестірілген.

Дегенмен жаңа заң жобасында «тоқсан, бөлім бойынша жиынтық бағалауды» алып тастау және ұстаздарың зейнетке ерте шығуы мәселесі қарастырылмаған. Десе де ұстаздар тарапы заңда өзге өзекті мәселелер барына қуанып отыр.

Қызжібек БАЙМОЛДИНА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
 
Енді айтып жатыр ғой қаңтардан бастап жалақымыз 25 пайызға көтеріледі деп. Сосын нагрузка азаяды. Ұстаздардың әлеуметтік жағдайы жақсарады деп ойлаймын.

Келер жылдан бастап магистр дәрежесі бар мұғалімдердің айлығына 25 мың теңге қосылады. Ал санаты барлары 30% - дан 50% - ға дейін үстеме ақы алатын болады. Жалпы 2024 жылға дейін осы заңды жүзеге асыру үшін 5,3 триллион теңге қаржы қарастырылып отыр.

Ә. Өмірзақ