«Бек-Эйр» рейстеріне алған билеттерін кері өткізген жолаушылар ақашаларын ала алмай отыр. Бүгін ел әуежайларына жиналған тұрғындар осындай шағым білдірді. Апаттан соң «Бек Эйр» авиакомпаниясының барлық бағыттардаға рейстері тоқтатылған болатын. Салдарынан адамдар жұмыстарынан қалды. Жолаушылардың айтуларынша, өзге әуекомпаниялар ұшақ билетін қымбаттатып жіберген.
Әуежай кассаларында «Бэк-Эйр» рейсінің билеттерін тапсырып жатқандарға қайтарылуы тиіс қаражат жеткіліксіз. Ал интернет арқылы төлем жасаған жолаушыларға қаржылары бірнеше күнен кейін ғана қайтарылады.
Рақымжан ҚАЗЫБЕК, ЖОЛАУШЫ:
Билеттер 200 мың болып кеткен осындай жағдайды пайдаланып. Реті келсе алмайсың ғой «Бек-Эйрге». Любой адам түсінді ғой уже.
Ұшақ апатынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің туыстары да әуежайға жиналды. Оларға қызметкерлер мән-жайды түсіндіріп, көмек көрсетуде.
Марат ҚҰНДАҚБАЕВ, НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Оқыс оқиғадан жарақат алған жолаушылардың туыстары жақындарының қасына барғысы келетінін айтты. Сондықтан сол 5 азаматқа компания атынан «Эйр Астана» рейстеріне билеттер алып бердік.
Апаттан жүрегі шайлықан жұрт енді әуекемесі арқылы қатынау қауіпті деп пікір білдіріді. Дегенмен, кейбір жолаушылар бұл пікірмен келіспейді.
Алексей МЫЛТЫҚБАЕВ, ЖОЛАУШЫ:
Барлығы бір Алланың қолында. Сондықтан «Бэк-Эйрден» қорқып, енді «Бэк-Эйрге» мінбеймін деп айтуға болмайды.
Рейстерінің тоқтатылуына байланысты Шымкент қаласындағы жолаушылар да жұмыстарынан қалған.
Мұхаммед ӘБЕНОВ, ЖОЛАУШЫ:
Негізі жұмысқа баруымыз керек тұғын Атырауға, асығыс келе жатқан адамбыз ғой. білмейм не болатынын енді. - Өзің неліктен бұл компанияның билетін алдың мысалыға? - Арзан болған соң алдық та.
Шымкент әуежайында сандалған жұрт касса маңынан шықпай тұр. Кейбірі Алматы арқылы үйіне жетуді жоспарлаған екен. Енді не ұшақ жоқ, не ақша жоқ дейді.
Аруын МАСАТБАЕВ, ЖОЛАУШЫ:
Ұшаққа орын жоқ қой. «Скатта» да, «Эйр Астанада» да жоқ. Хотя бы 82 мың теңгемді қайтарсын қайта, болды...хотя бы соны.
Болат БАЙЫМБЕТОВ, «BEK AIR» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:
Бүгін барлық рейстердің билеттері 100 пайызға қайтарылады билеттері. Возраттарының бәрі ақшаларының бәрі толықтай қайтарылады.
Алайда компания өкілдері сөзбен сендіргенмен билет алған мекемелер жолаушыларға қаражаттарын тек он күннен кейін ғана қайтарамыз деп жауап қатқан. Жолаушылар мәліметі бойынша, оқиғадан кейін өзге әуетасымалымен айналысатын компаниялар билет құнын 200-500 мыңға дейін көтеріп жіберген.
Ә. Асқарұлы, А.Төребек