Елордалық еріктілер жаңа жылға тоқыма шырша дайындап жатыр. Олар ерекше шыршаны 13 желтоқсан күні бастапты. Бұл шараға тек Нұр-Сұлтан тұрғындары ғана емес Қазақстанның әр қаласынан шеберлер ат салысуда. Ерекше шыршаның дайындалу барысын Асылбек Данияр көріп қайтты.
Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:
Жаңа жылға арналған ерекше сыйдың жұмыстары өздеріңіз көріп тұрғандай қызу жүріп жатыр. Құрастырушылардың қазіргі таңдағы басты мақсаты шыршаны аятап Генистің рекорттар кітабына кіру. Жұмыс 28 желтоқсан күні аяқталады деп жоспарлануда. Көріп тұрғандарыңыздай әдемі ою-өрнекпен көмкерілген тоқыма жақын арада үлкен шыршаға айналмақ.
Рахима Мұқышова тоқымамен бала күннен айналыса бастағанын айтады. Үлкен қызығушылықтық арқасында қазіргі таңда әлеуметтік кәсіпкерге айналған. Айтуынша, қазіргі жасап жатқан қолөнері арқылы, әлемдік рекордқа Қазақстанның атын қалдыру.
Рахима МҰҚЫШОВА, ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕР:
Нұр-Сұлтан қаласынан деп ойлағанбыз басында. Бірақ бізге Алматы қосылып кетті. Өте күшті идея, бізде қосыламыз деп. Одан кейін Қарағанды қосылды, Көкшетау, Семей. Міне, бүгін Ақкөл ауылынан қосылып жатыр. Ол кісілер ақшалай салып жіберді. Өйткені, уақыт тығыз сіз жіп алып жұлдыз жасасаңыз, іске жаратыңыз.
Кәсіпкер келіншек бұл идеяны әлеуметтік желідегі парақшаға жариялап, идеясын жүзеге асыруға халықтан көмек керегін хабарлаған. Оқырмандары Рахиманы бірден қолдап, жобаны бастап кеткен. Әуел баста 14 адамға болса, қазір оның саны 50-ге таяған.
Рахима МҰҚЫШОВА, ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕР:
Тоқыма мынандай төртбұрыштарды. Бұлар ың бізде көлемі 20*20. Осыны біз құрақ көрпе ретінде , Қазақтың салты көрпелерді насихаттау берінде бірге қосамыз.
Мұндағы еріктілердің үлкені 50-де болса, кішісі 8 жаста. Тоқымашылардың ішіндегі ересесігі Сәулеш ауқымды жұмысқа өз үлесін қосқысы келеді.
Сәулеш АПУОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Мен тоқыма тоқуды 30 жасымда үйрендім. Үйде декреттік демалыста отырған уақытта. Бұл жұмыс өзіме өте қатты ұнайды. Рахимамен саябақта кездесіп қалдық. Ол маған осы ұсынысты айтты. Қатты ұнағандықтан бірден келістім.
Қолөнершілердің тоқымалары толық аяқталып болған соң әкімдіктен ұсынылған жерге орнатылмақ. Қаланың көркін одан әрі арттыра түсетін ерекше шырша Елорда тұрғындары мен қонақтарын таң қалдыратындарына сенімді.
А. Данияр