Алматы облысы Қаскелең қаласындағы көпқабатты үйде жарылыс болып, жасөспірім қаза тапты. Тағы бірнеше адам ауруханаға жеткізілген. Алматыда да үш адам көгілдір отынға уланып, тіл тартпай кетті. Тілші тарқатады.
Бүгін түскі сағат бір шамасындағы Алматы облысы Қаскелең қаласындағы көпқабатты үйде жарылыс болды. Қатты соққыдан пәтердің қабығасы шытынап кеткен. Жарылыстан бес пәтер зақымданды.
Азамат ЖҰРТБАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қазіргі таңда Алматы облыстық ТЖД 15 адам мен төрт техника, Қарасай ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жұмыс атқаруда. Сонымен қатар Қарасай аудандық әкімдігі аталған тұрғын үйде зардап шеккендерге уақытша тұрғынүй ұйымдастырылған.
Газ бен ауа қоспасынан болған апаттан 11 жастағы бір жасөспірім қаза тапты. Тағы жеті адам ауруханаға жеткізілген. Оның үшеуі бала. Жарылыстан ауыр соққы алған бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсетілген. Әзірге ауруханада дәрігерлердің бақылауында.
Жамбыл ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ, АЛМАТЫ ОБЛ. ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
Бір науқас реанимацияда, қалғандары жарақат бөлімінде. Кішкентай балалардікі бас, ми жарақаты ғой. Реанимациядағы науқас қосарланған жарақат, бас, ми жарақаты, Жамбасы шыққан.
Ал Алматыда көгілдір отынға заңсыз қосылған үйдегі үш адам тіл тартпай кетті. Түрксіб ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған қайғылы оқиғадан қаза болғандар Түркістан облысының тумасы. Тексеру барысында газ құбырын рұқсат етілмеген жолмен жылыту пешіне қосқандығы анықталды.
Гүлдана НҰРЫМБЕТОВА, АЛМАТЫ Қ. ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Үй ішіндегі ресми орнатылған газ құбырынан жылыту пешіне рұқсат етілмеген әдіспен қосылған қосымша нүкте анықталды. Оған қоса, аталған жылыту пешінің мұржасының бекіткіштері болмағандықтан ажыратылу пайда болды. Оған қоса бөлменің ішіндегі ауа алмасу каналдары шүберекпен бектіліп тасталған болатын. 02/06- осы аталған барлық себептерден қайғылы оқиға орын алып тұр.
Айта кетейік, бұл Алматы қаласында жыл басынан бері тіркелген алғашқы оқиға. Өткен жылы 66 адам ыстан уланған. Оның жартысы балалар. Алайда, адам өлімі тіркелмеген.
А. Кемелжан