Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қытайда тараған індеттің таралу себебі анықталды

AstanaTV
09.01.2020ж. 20:00
3179
Қытайда тараған індеттің таралу себебі анықталды

Қытайда тараған белгісіз індеттің таралу себебі анықталды. Ухань қаласындағы аурудың жаппай етек жаюына коронавирустың жаңа түрі себеп болған. Бұл туралы індетті зерттеп жатқан ғалымдар мәлімдеді. 60 адам белгісіз вирус жұқтырып, ауруханаға жеткізілген. Көрші елдегі жағдайдың ушығуына байланысты қазақстандық дәрігерлер де дабыл қақты. Әріптесім Асылбек Даниярдың репортажы.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Қытайда белең алған "SARS" А- типті пневмониялық ауруы алғаш болып Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелген. Соңғы мәліметке сүйенсек, қазірге уақытта 60 адам ауруханада жатыр. Оның 7-еуінің жағдайы ауыр.


Тағы 170-ке жуық адам дәрігерлердің жіті бақылауында. Біздегі мамандар бұл жағдайдан хабардар. Олардың айтуынша, елдегі барлық халықаралық өткізу бекеттерінде тексеріс қатаңдатылған.

Әсемгүл АБАТОВА, МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАЛЫ САНИТАРЛЫҚ ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қытайдан келген азаматтарды жанаспайтын термометриялық бізде тепловизорлар бар. Сол телповизорлар арқылы кімнің жоғары температурасы, басқада кленикалық белгілері болса біз сол ауруларды тез арада изоляторларға жатқызып, жедел жәрдем көліктерін шақырамыз.

Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына апта сайын Қытай Халық Республикасына 40-қа жуық әуе рейсі жасалады. Одан бөлек, күнделікті темір жол және қоғамдық көліктермен де адамдарды тасымалдау жүріп жатыр.

Әсемгүл АБАТОВА, МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАЛЫ САНИТАРЛЫҚ ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл коронавирус ауруына жатады. Бұл аурудың белгілері: температураның жоғарлауы, бастың ауруы, тамақтың ауруы, жөтел, тыныс алу жолдарының  қиындауы және де іші ауырып құсу белгілері де болуы мүмкін.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі, аталған вирусқа шалдыққандар отандастарымыздың арасында жоқ деп мәлімдеді. Қытайда оқитын студенттеріміз болса, бұл жағдайдан мүлдем бейхабар. Айтуларынша, ғаламтор желісінің барлығы бұғаттаулы.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Денсаулық сақтау минирстрлігі азаматтарға қатты қажет болмаса Қытайға баруды тоқтатуға шақырды. Егер қажет болып барған жағдайда халық көп шоғырланған орындарға бармауға, әрі гигиеналық талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

А. Данияр