Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Оңтүстік Кореяда көлікпен бала қағып кеткен отандасымыз жазаға тартылды

AstanaTV
10.01.2020ж. 20:00
2079
Оңтүстік Кореяда көлікпен бала қағып кеткен отандасымыз жазаға тартылды

Оңтүстік Кореяда оқушыны көлікпен қағып кеткен қазақстандыққа, үкім кесілді. Сот оны екі жарым жылға бас бостандығынан айырды. Прокуратура заңсыз мигрантты әуелде бес жылға темір торға қамауды сұраған. Алайда судья айыпталушының жасаған әрекеті үшін өкінгенін және кешірім сұрау үшін Қазақстаннан өз еркімен келгенін ескеріпті. Ал, зардап шеккен бала болса, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен. 21 жастағы қазақстандықтың жағдайын сыртқы істер министрлігі өз бақылауын алған.  

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

 
Азаматымыздың жағдайы жақсы. Ешқандай да шағымы жоқ. Жеті күннің ішінде ол шешім бойынша аппеляцияға беруге құқылы. Адвокаты ол құқықты орындады. Енді сол екінші соттың шешімін күтеміз. Кейбір БАҚ , 50 мың долларға дейін айыппұл төленсін деп, мұндай айыппұл ешқандай да салынған жоқ. Тек бас бостандығынан айырылды. 

Еске салайық, өткен жылы қыркүйекте отандасымыз Оңтүстік Кореяда  жеті жастағы жеткіншекті көлікпен қағып, артынша елге қашып кеткен еді. Жол-көлік оқиғасы Чанвон қаласында үлкен дау туғызып, жергілікті тұрғындар көші- қон саясатына наразылықтарын білдірді.

З. Санай