$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбелік шенеунік парамен ұсталды

AstanaTV
14.01.2020ж. 20:00
2262
Ақтөбелік шенеунік парамен ұсталды

Ақтөбеде шенеунік парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері «Еңбек-Ақтөбе» филиалы директоры міндетін атқарушысын қомақты қаржы жымқырып жатқан жерінде ұстады. Жедел операция кезінде 700 мың теңге тәркіленді. Күдікті бұл қаражатқа Қандыағаш қаласындағы саябақты абаттандыруға бөлінген бюджет қаражатын аудару кезінде жеке кәсіпкерге қамқорлық жасайтын болып келіскен. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Данияр БИГАЙДАРОВА, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ 1-ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:
 
Мемлекеттік қаражат бөлінген болатын. Саябақты абаттандыруға. Сол ақшаны аудару үшін, тез аудару үшін 700 мың теңге пара алған болатын. Қазіргі таңда өзінің кінәсін мойындауда. Сонымен қатар, өзінің қорғаушысымен бірге, күдікті арыз, проссесуалды келісім жасасуға дайын. 

А. Мүтәли