Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Атырау қаласы әкімі қызметінен кетті

AstanaTV
14.01.2020ж. 20:00
2492
Атырау қаласы әкімі қызметінен кетті

Атырау әкімі қызметінен кетті. Әлимұхаммед Құттымұратұлы жеке жоспарларына сәйкес өз еркімен лауазымымен қоштасты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Әлимұхаммед Құттымұратұлы облыс орталығын бір жарым жыл басқарды. 37 жастағы шенеунік мемлекеттік қызметте қала ма, жоқ па белгісіз. Бұл жақында қызметінен кеткен бірінші шенеунік емес.

Әлібек НАУАРОВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Әлимұхаммед Құттұмұратұлы қала әкімі  лауазымының уәкілеттілігін өз еркімен  тоқтатқан болатын. Қазіргі уақытта қала әкімінің міндетін атқару үшін қала әкімінің орынбасары Ринат Жанғылышев жүргізетін болады.  - Қазір қаланың бөлім басшыларының біраз жұмыстан кеткенін білеміз ғой. Бұл командалық көшу ме?  - Оған қатысты пікір білдіре алмаймын. .. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысы орнынан кеткен әкімнен бұрын және де құрылыс бөлімінің басшысы.

Б. Надирқызы