Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Армян, қырғыз нөмірімен жүрген жүргізушілерге ескерту жасалды

AstanaTV
15.01.2020ж. 20:00
3142
Армян, қырғыз нөмірімен жүрген жүргізушілерге ескерту жасалды

«Ресейлік номермен жүрген көліктерге тимейміз». Ішкі істер министірінің бірінші орынбасары Марат Қожаев бүгін осылай деді. Еске сала кетейін, мұның алдында Ресей, Армян және Қырғыз елінің номерлерімен жүрген көліктердің заңмен қудаланып жатқандығы хабарланған. Марат Қожаевтың айтуынша, автокөлік иелеріне 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін жеңілдіктер берілген. Алайда, бұл мүмкіндікті пайдаланып, көлікті ресми тіркеуге қоймаған азаматтар көп. Енді, армьян мен қырғыз тұлпарымен жүрген ағайын ірі айыппұл төлейтін болды.

Марат ҚОЖАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТІРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Алдында Қырғыз көліктеріне қатысты. Екі жыл бұрын Армян көліктеріне қатысты түсінік бергенбіз. Алайда біздің азаматтар бағынбайды. Сондықтан да біз осы күнде әкімшілік жұмыстарға көштік. Біздің азаматтар осы елдерден көлген көліктерді кедендік тіркеуден өткізсін немесе айып тұрағына қоямыз. Ал, көлік иелеріне 20 айлық есептік көрсеткіш түрінде айыппұл салынады.


Д. Мұхаммедкәрім