Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ардагер тегін дәрі-дәрмекті ала алмай отыр

AstanaTV
15.01.2020ж. 20:00
2633
Ардагер тегін дәрі-дәрмекті ала алмай отыр
Сарыағаш аудандағы соғыс ардагері тегін медициналық дәрі-дәрмекті ала алмай отыр. 53-жастағы Тоқтарбай Алдамжаров Чернобльдағы апаттан кейін 2-ші топтағы мүгедек болып қалған. Бүгінде науқас көптеген медициналық көмекке мұқтаж. Соңғы жылдары аяғы сыздап, жансыздана бастапты. Оны емдетуге арналған дәрі-дәрмектің құны удай. Сондықтан, науқас Денсаулық сақтау министрінен көмек сұраған. Ведомство басшысы соғыс ардагеріне жылына бір рет жергілікті аурухана медициналық қөмек көрсетуге міндетті екенін айтқан. Алайда, бұл дәрі әлі күнге дейін берілмепті.


Нұрипа БЕГУЛИЕВА, НАУҚАСТЫҢ ӘЙЕЛІ:

Бір леченияға 300-400 мың теңге кетеді. Жылына миллион теңге қажет сол дәрі-дәрмекті сатып алу үшін. Бұдан басқа ол тағы ауырады. Ішкі құрылыстары ауырады. Өті ауырады. Тоқ ішегі ауырады, қара бауыр, бүйрек бәрі кеткен ғой. Одан бөлек, басына неврологический заболевание, глакомасы бар. Оның бәрін өзім емдетіп жүрмін да, мына аяғына келгенде менің шамам келмей жатыр.


Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін қазір Сарыағаш аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Бауыржан Оспановпен хабарласып көрейік. Бауыржан Есболұлы, Кеш жарық! Сіз тікелей байланыстасыз! 53-жастағы Чернобль ардагерінің бұлай сандалып жүргені қалай? Денсаулық сақтау министрінің өзі бұл дәрі берілу керек деген екен. Көмек не себепті көрсетілмей жатыр?


Бауыржан ОСПАНОВ, САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл науқас бізде ревмотолог дәрігерде бірнеше жылдан бері диспансерлік есепте тұрады. Науқастың айтқан суфалазин гелі, ҚР дәрі-дәрмек формулярында қарастырылмаған. Оның орнына гиалдон атты дәрі бар. Науқастың өзі ол дәріден бас тартқан болатын. Суфалагин гель дәрісін біз соңғы рет 19 жылдың қараша айында аурухананың ақылы қызметтен түскен қаражатынан бір курс емделуіне алып берген болатынбыз. Қазіргі тада қаржы қарастырылып, тапсырыс берілген. Қаңтар айының соңында жеткізіледі.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Жаңа естідіңіз, науқас бірқатар медициналық көмекке мұқтаж. Мұндай кісілер ардагер ретінде қандай тегін көмектер ала алады?

Бауыржан ОСПАНОВ, САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл науқас Чернобль жарылысына қатысушы, яғни Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген азамат. Біздің ауруханада және ҚР-да мұндай азаматтарға барлық медициналық көмек түрлері тегін көрсетіледі. Науқас жылына бір рет Нұр-Сұлтан қаласындағы ардагерлер госпиталінда ем алып тұрады. Соңғы рет сәуір айында емделіп келген болатын. Сонымен қатар, 2019 жылдың қазан айында Алматы қаласындағы кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу орталығында клиникалық базасында ем алып келген болатын. Сонымен қатар, ауруханамыздың ішкі палатасында науқастар кезексіз жоспарсыз емге жатқызыла алады.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Бізбен байланыста болған Сарығаш аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Бауыржан Оспанов. Рақмет, бізбен тікелей баныста болғаныңыз үшін. Көрерменіміз өзін толғандырған сауалға жауап алды деген үміттенеміз. Біз де оның шешілуін өз бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.

А. Мүтәли