Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Өртке оранған Австралияда нөсер жаңбыр жауды

AstanaTV
17.01.2020ж. 20:00
3787
Өртке оранған Австралияда нөсер жаңбыр жауды

Ал бірнеше айдан бері өрттен көз ашпаған Австралияда нөсер жаңбыр жауды. Жауын-шашын түскеніне қуанған жұрт бейнежазбалар түсіріп, оларды желіге жарыса жүктеп жатыр. Олар бүтін бір материкті шарпыған от енді толығымен ауыздықталатын болды деп қуанып әлек. Нөсер жауыннан тіпті елдің кейбір аймақтарын су басып жатыр. Жауын-шашын демалыс күндері Австралияның шығыс жағалауында жалғасады деп күтіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Австралиядағы өрт құрғақшылықтан тұтанған еді. Олар қыркүйек айында басталып, осы күнге дейін тоқтаған жоқ. 2000-нан астам үй мен 10 миллион гектар орман жойылды. 28 адам қаза тауып, миллиардқа жуық жануар қырылды.

А. Мүтәлі