Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қазақстан әлі күнге ресейлік телефон кодын пайдаланып жүр

AstanaTV
17.01.2020ж. 20:00
4579
Қазақстан әлі күнге ресейлік телефон кодын пайдаланып жүр

Күнделікті телефон тергенде пайдаланып жүрген 7 немесе 77 телефон коды Ресеймен байланысты екенін бәріміз біле бермейміз. Тәуелсіздік алғанымызға 29 жыл болса да, әлі күнге дербес код бізде жоқ. Неге? Бұл сұраққа тілшіміз жауап іздеп көрді.

Халықаралық электробайланыс одағы ақылдаса келе жер бетін 9 аймаққа бөлген. Әр ел географиялық жағдайына байланысты өзіндік код алды. Бұл код - әр мемлекеттің телефондық байланыстағы орнын көрсетеді. 7 коды кезінде Кеңес Одағына берілген.

1991-шы жылы Кеңестік жүйе құлап, Тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Әр ел өзіне Дербес телефон кодын алған.

Қырғыздар 996, өзбектер 998 кодын алса украиндерге 380 нөмірі  бұйырды. Ал, 7 саны Кеңестен Ресейге мұра болып қалды. Біз де сол кодтан шықпай қалдық. Тек 2006 жылы мемлекет аралық келісім жасадық.

Жұлдызай МҰСАҒҰЛОВА, ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТІРЛІГІ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

ҚР байланыс әкімшілігі де бұл мәселені қарастырған болатын. 7-ші аймақтан шығу туралы. Мұның артықшылықтары. 7-ші аймақты пайдалану. Бұл бір елдің экономикасын екінші елге байланысты болмайды. Яғни әр ел өз байланыс ресурстарын тәуелсіз қолданады. Екі ел арасында номерлерді бөлу пропарцианалды түрде бөлінген. Бір ел екінші елдің алдында міндеттер жүктемейді.


Телефон байланысындағы басты оператор «Қазақтелеком», «7 саны бағымызға бұйырған код» деген ойда. Өйткені, көршілер сияқты 3 немесе 4 сандық кодқа көшсек онда қалалық телефондар тізбегі 6-дан 9-ға өседі, ал ұялы байланыс 10-нан 13-14 санға көбейіп кетеді.

Жасұлан АБДУЛЛИН, «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:


Бір санның орнына екі-үш кодты пайдалансақ бізге қолайсыз жағдай туындауы мүмкін.

Әлемде негізі бір кодты бірігіп пайдаланып жүрген біз ғана емес. АҚШ пен Канада да 1 кодқа байланған.

Думан МҰХАММЕДКӘРІМ, ТІЛШІ:

Сонымен жауапты органдардың сөзіне қарағанда Ресеймен бір кодты пайдалану Мемлекет үшін де абоненттер үшін де тиімді. 967, 968 немесе 969 сияқты көп санды тергеннен, 7 мен шығу әлдеқайда қолайлы. Олай болса грузиндер мен беларустер неге осы ыңғайлы номерде қала бермеді? Әлде олар көп сан болса да Ресейден тәуелсіз дербес код керек деді ме екен?!


Д. Мұхаммедкәрім