Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Павлодарда «Қазақ зағиптар қоғамына» жаңа ғимараты ашылды

AstanaTV
17.01.2020ж. 20:00
2245
Павлодарда «Қазақ зағиптар қоғамына» жаңа ғимараты ашылды

Павлодарда «Қазақ зағиптар қоғамының» жаңа ғимараты ашылды.  2 мыңнан астам жарымжан жандар тұратын өңірде, қоғам мүшелері бұған едйін ескі тар ғимаратты пана етіп келген. Жаңа  нысанда  зағиптар жандарға барлық жағдай қарастырылған. Көзі нашар көретін адамдардың  тігінші болуына мүмкіндігі бар. Ол үшін  орталықта тігіншіліктің қыр сыры үйрететін бөлім ашылды.  Нысанның ашылуына "Nur Otan" партиясының облыстық филиалы мұрындық болды. Олар арнайы қайырылымдылық балын өткізіп, одан түскен 51 млн. теңгеге Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан зағип жандарға арналған ғимараттар ашты. Нысанның салтанатты ашылу салтанатында  мүгедек жандарға шағын автобус сыйға тартылды.

Арғынғали БЕРДИЕВ, "ҚАЗАҚ ЗАҒИПТАР ҚОҒАМЫ" ОҚУ-ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұрын бізде ағаштан салынған ескі ғимарат болды. Ол өртке қауіпті болатын. Ешқандай жөндеу жұмысы жасалмаған, ыңғайсыз.  Біз қаражаттың көбін осы ғимаратты ұстап тұруға жұмысайтынбыз. Бұл ғимарат біздің оқу оқып, бос уақытта пайдалы іспен шұғылдануға таршылық етті.  Жаңа ғимарат өте жақсы екен.

Ө. Қуанар