Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Медициналық пойыз» жобасының үздіктері марапатталды

AstanaTV
17.01.2020ж. 20:00
2165
«Медициналық пойыз» жобасының үздіктері марапатталды

Шалғай өңірлердегі 67 000-нан астам тұрғынға тегін медициналық көмек көрсетілді. Оның 11 000-ы балалар. Мұнша көмекті өткен жылы елдегі алыс-жақын аудандарды түгел аралаған «Медициналық пойыз» қызметкерлері жасаған. Қарапайым халықтың қолы жете бермейтін дәрігерлік көмек түрлерін ұсынатын пойызда 250-ге жуық білікті дәрігер қызмет көрсетіпті. Олар елде онкологиялық, пневмония, жүрек-қантамыр жүйесі аурулары дендеп кеткенін байқаған. Сонымен қатар, ел тұрғындары арасында қант диабеті, бронх демікпесі және асқазан жарасымен ауыратындар көбейген. Бүгін Елорда төрінде осы "Денсаулық пойызында" жыл бойы қызмет еткен үздік мамандар марапатталды.

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Елде елдімекендер үшін қолжетімді емес ем түрлері бар. Сондықтан, біз барлық аймақтарды қамтитын көлік медицинасын дамытуды қолға алдық. Қазір жылжымалы медициналық пункттер жұмыс жасап тұр. Алдағы уақытта олардың санын 60 мыңға дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз.

А. Мүтәлі