$494.87 €520.65 ₽4.91
×

М. Тынышбаев атындағы ҚазККА ректоры уақытша қызметінен босатылды

AstanaTV
20.01.2020ж. 20:00
5114
М. Тынышбаев атындағы ҚазККА ректоры уақытша қызметінен босатылды

Мұхамеджан Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникация академиясының ректоры қызметінен уақытша босатылды. Академия қызметкерлерінің жыныстық қатынасқа тартты деген шағымынан соң, арнайы жұмыс тобы құрылған. Осылайша басы дауға қалған ректор Берікбол Аркеновтің ісі тексерілмек. Академия құрылтайшысы Ләззат Сағиеваның айтуынша, университет басшысына тағылған айып расталса, жұмысынан қуылмақ.

Ләззат САҒИЕВА, М. ТЫНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚазККА ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

Мен ректорды қолдап отырған жоқпын. Осы жағдай үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Біз академия қабырғасында бір жылда болған барлық жұмысты тексеріп, кімнің кінәлі екенін анықтауға тырысамыз. Ректор еңбек демалысында болатын. Денсаулығына байланысты демалысын ұзартты.

Айта кетейік, өткен аптада Қазақ көлік және коммуникация академиясының ректоры- ұстаздарды жыныстық қатынасқа тартты, деген бірнеше мұғалім құзырлы органдарға арызданған-ды. Арыз- Бас прокуратураға, Білім және ішкі істер министрлігіне жолданған. Жәрбірнешушінің «200-ге жуық қызметкері+ әртүрлі себеппен жұмыстан кетіп қалды», деген ақпаратты академия құрылтайшысы жоққа шығарды.

А. Кемелжан