Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жолда жарысқа түскен көлік жүргізушісі бозбала өлімі үшін сотталды

AstanaTV
22.01.2020ж. 20:00
3140
Жолда жарысқа түскен көлік жүргізушісі бозбала өлімі үшін сотталды

Атырауда жаяу жүргіншілер жолында бозбала қағып өлтірген «Toyota Camry» маркалы көліктің 21 жастағы жүргізуші 2 жарым жылға сотталды. Бүгін қалалық №2 соттың судьясы осындай үкім кесті.

Жұмағали  ТӘШІМОВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:


Сот үкім етеді: Сәтиев Данияр Әнесұлын ҚР Қылмыстық Кодексінің 345 бабының 3- бөлімі бойынша, қылмысқа кінәлі деп танып, оған  2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Көлік құралдарын 5 жылға дейін басқаруға тиым салынсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемеде өтеу белгіленсін.

Негізі қылмыстық кодекстің бұл бабы бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Алайда судья тараптардың келісімге келгенін және жүргізушінің қылмысты толық мойындап, өкінгенін негізге алыпты. Оқиға орнында қаза тапқан 17 жастағы Нұртаң Мақсотовтың туғандары Тайота көлігімен жарысқа түскен «Мерседестің» жүргізушісі де қылмыстық жазаға тартылу керек деген пікірде. Қайғылы оқиға былтыр қыркүйекте болған еді. Қос қымбат көліктің аса жоғары жылдамдықпен жарыса жүйткігені камераға түсіп қалған. Сараптама «Тойота» сағатына 145, ал   қара «Мерседес»  сағатына 137 шақырым жылдамдықпен жүргенін анықтады.

Әлия СӘТБАЕВА, МАРҚҰМ Н.МАҚСОТОВТЫҢ АНАСЫ:

 
2 жыл 6 ай деген. Және жеңіл өлім деп тұр. Жеңіл өлімге жатпайды бұл. Және  345 баппен енді тергеліп, іске бақытсыз жағдай деп алып тұр.  Оған  да келіскен жоқпыз. Барымызша қуындық. Біз бұл  жағдайда осындай шешім қабылдап тұр. Бірақ екінші Мерстің жүргізушісін тартқымыз келіп тұр. Сол үшін мен барлық көпшіліктен  көмек сұраймын. Екінші адамды жауапқа тартуға. Ол да жазасын алуға.+ Жарысқанына сенімдімін. Сәтиев Данияр мойныдады істі ашылғанда. «Біз жарыстық. Я хотель догнать » деп.  Значить ол бастады. Бірақ ешқандай  нәтиже жоқ.

Б. Надирқызы