Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағандыда көршісінің 3 жасар қызын 15 рет пышақтаған қатыгез әйелге қатысты сот басталды

AstanaTV
22.01.2020ж. 20:00
2154
Қарағандыда көршісінің 3 жасар қызын 15 рет пышақтаған қатыгез әйелге қатысты сот басталды

Қарағандыда көршісінің 3 жасар қызын 15 рет пышақтап өлтірді деп айыпталған  әйелге қатысты сот басталды. Істі қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық сот қарап жатыр. 35 жастағы әйел бүлдіршінді DVD-плеерді құлатып алғаны үшін жазалағанын мойындаған. Жан түршігерлік оқиға қараша айында Сәтпаев қаласында болған еді. Шешесі қызды қарауға қалдырып кеткенде көршісі аямай азаптаған көрінеді. Тіпті өтпейтін пышақты өткіріне ауыстырып пышақтауын жалғастырған. Күдікті ол кезде мас болыпты. Енді 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгін процеске баланың анасы келмеді. Куәгерлер Сәтпаев қаласында болғандықтан келесі отырыстар сол қалада өтетін болды.

Бекзат ШАЛҒЫМБАЕВ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Күдікті сот аяқталғанша абақтыда отырады. Келесі отырыстар Сәтпаев қаласында өтеді. Күдікті алқа билер сотын емес кәдімгі сот форматын таңдады.


А. Қуаш