$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жамбыл облысында әкім лауазымын сатып алғысы келген шенеуніктің басы дауға қалды

AstanaTV
22.01.2020ж. 20:00
3146
Жамбыл облысында әкім лауазымын сатып алғысы келген шенеуніктің басы дауға қалды

Жамбыл облысында аудан әкімінің лауазымына көз тіккен шенеуніктің басы дауға қалды. Меркі ауданы әкімнің орынбасары өз басшысының креслосын иелену үшін 50 мың доллар бермек болған көрінеді. Оның телефон арқылы сөйлескен әңгімесін ұлттық бюро мамандарын естіген.

Мейіржан СҮЛЕЙМЕНОВ, МЕРКІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Енді телефонмен кім не айтпайды? Болған шығар сондай әңгімелер. Ия, Алматыға ма ауысамын деген жұмыстар болған. Бірақ ол жерде жолдастармен серьезный әңгімелер болған емес. Сатып аламын, осыншама ақша беремін деген. Ойнап достармен бір жерде айтқан шығармын.

Осылай деген шенеуніктің мәселесі әдеп кеңесінде майшаммен қаралды. Оның әкім орынтағының саудасы туралы әңгімесі кездейсоқ анықталған. Ұлттық бюро мамандары оны басқа күдік туғызған іс бойынша бақылауға алған. Ал оған қызмет әперуге уәде еткен өңірге танымал кәсіпкер болып шықты. Бірақ оның аты-жөні айтылмады. Әдеп кеңесі Мейіржан Сүлейменовті қызметінен төмендету жөнінде ұсыныс берді. Дегенмен орынбасарына қатысты соңғы шешімді Меркі ауданының әкімі қабылдамақ. Ол креслосына көз алартқан қызметтесіне қандай шара қолданатыны жақын арада белгілі болады.

Қайрат ДҮНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ОФИЦЕРІ:

 
Рустамбеков айтады, сенің мәселең шешіліп жатыр, солай-солай деп. Бұл кісі жауап береді. Сұрайды. Тағайындалған кезде 200 мың доллар болмайды ма, заряжать етпейді ме, азар болса 50 мың шығар бере алатыным, кейін оны қайдан шығарып аламын деген сияқты әңгімелер. Сондай бірнеше әңгіме. Шөленбаев Бақытқан деген кісімен. Нақты тағайындалу бойынша. Аудан әкіміне.