$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Президент жанармай тапшылығы үшін Энергетика министріне сөгіс жариялады

AstanaTV
11.10.2017ж. 20:00
2914
Президент жанармай тапшылығы үшін Энергетика министріне сөгіс жариялады

Президент жанармай тапшылығы үшін Энергетика министріне сөгіс жариялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Онда премьер-министрдің ұсынысы негізінде министр жүктелген міндетті тиісті деңгейде орындамағаны үшін және ішкі нарықтағы жанар-жағармай жағдайын бақыламағаны үшін сөгіс алғаны жазылған.

Премьер-министр Үкімет отырысында Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы президентке ұсыныс түсіретінін айтқан болатын. Ал оның орынбасары Әсет Мағауовты қызметінен босатқан еді.
«Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы басшысына сөгіс ретінде тәртіпті жаза тағайындауды тапсырды. Оның да орынбасарының қызметін тоқтататынын айтқан болатын.